Басты бет Ғылыми жобалар Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған полифункционалды азықтық қоспаларды әзірлеу және өндіріске енгізу
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған полифункционалды азықтық қоспаларды әзірлеу және өндіріске енгізу
Дата публикации: 20.05.2020

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ жобасы
ЖТН (IRN): AP08051983

Жобаның өзектілігі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің алдында мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе ет пен сүт өндірісін және экспортын ұлғайту, сондай-ақ олардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру міндеттері тұр. Осы міндеттерді шешудің бір жолы – табиғи биологиялық белсенді компоненттер негізіндегі полифункционалды азықтық қоспаларды әзірлеу және қолдану. Мұндай қоспалар жануарлар организміндегі физиологиялық және биологиялық процестерді ынталандырып, гормондық немесе антибиотикалық стимуляторларды қолданбай-ақ олардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді.

Осыған байланысты зерттеу тақырыбы өзекті болып табылады, ал алынған нәтижелер жем өндірісі мен мал шаруашылығы салаларында практикалық маңызға ие.

Жобаның мақсаты

Әзірленген полифункционалды азықтық қоспалардың жануарлардың өнімділігіне әсерін зерттеу және алынған мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау.

Ғылыми жаңалығы

Зерттеудің жаңалығы мен ерекшелігі – жануарлардың физиологиялық және биологиялық процестерін ынталандыратын, олардың өнімділігін арттыруға ықпал ететін өсімдік текті препараттармен байытылған азықтық қоспалар құрамында табиғи биологиялық белсенді компоненттерді қолдануында.

Қолдану саласы

Ветеринариялық-санитариялық сараптама, жем өндірісі және мал шаруашылығы.

Жобаның негізі

Жоба бұрын орындалған 0115РК00467, 0115РК00481, 0112РК01347 және басқа ғылыми жобалардың заңды жалғасы болып табылады.

Негізгі нәтижелер

Жоба нәтижесінде өндірістік жағдайда 7 азықтық қоспаның рецептурасы әзірленіп, сынақтан өткізілді. Олардың құрамына жеке және кешенді түрде:

  • биополимерлі крахмалды түйіршіктер;
  • биологиялық белсенді компоненттер (органикалық йод пен селенмен байытылған өсімдік ақуызы гидролизаты);
  • өсімдік негізіндегі энергетикалық қоспалар;
  • сорбциялық компоненттер;
  • фитобиотикалық ингредиенттер;
  • спирт және сыра өндірісінің қалдықтары енгізілді.

Компоненттер мен дайын азықтық қоспалардың микробиологиялық қауіпсіздігі зерттелді. Азықтық қоспаларды қолданғаннан кейін жануарлардың өнімділік көрсеткіштері анықталды.

Тіркеу нөмірі: РҒТДТН23РК0007 (RNNTD23RK0007)

Поделиться в социальных сетях: