Басты бет Біз туралы
ТОО «NFT-KATU»

«NFT-KATU» ЖШС – «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылған коммерцияландыру жобасы аясында құрылған компания. Жобаның өтінім берушісі «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ болды.

2019 жылғы 27 қарашада стартап-компания алғаш рет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өтті. 2025 жылы аккредиттеу мерзімі келесі бес жылға ұзартылды. Осылайша, «NFT-KATU» ЖШС қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен стандарттарына сәйкестігі ресми түрде танылды. Аккредиттеу туралы куәлік компанияға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы конкурстарға қатысуға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге байланысты қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Біз ресурс үнемдейтін азықтық биоқоспаларды, араларға арналған фитобиотикалық препараттарды, жануарлар мен құстардың өнімділігін арттыруға бағытталған байытылған экструдталған азықтарды әзірлейміз және өндіреміз. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына ғылыми-консультациялық қызмет көрсетеміз, азықтар мен мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаймыз, оның ішінде өзіміз әзірлеген әдістер мен тест-жинақтарды қолданамыз.

Жоғары кәсібилік деңгейі, өнім ассортиментін тұрақты түрде кеңейту және әрбір клиентке жеке көзқарас – біздің компаниямыздың басты ерекшеліктері.

Компанияның көзқарасы:
Біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде арттыруға ұмтыламыз. Осы мақсатта өндіріс әдістерін үнемі жетілдіріп, экструдталған азықтар мен азықтық қоспалардың жаңа рецептураларын әзірлейміз.

Біздің миссиямыз:
«NFT-KATU» ЖШС – агроөнеркәсіптік кешен саласында жергілікті инновациялық және технологиялық шешімдерді ұсынатын өндіруші компания. Біздің шешімдеріміз сүт және ет бағытындағы жануарлардың өнімділігін арттыруға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар жұмыртқалағыш тауықтар мен бөденелерге арналған экструдталған құрама жемдердің тиімді рецептураларын әзірлейміз, ара ауруларының алдын алу және емдеу, сондай-ақ олардың өнімділігін арттыру үшін өсімдік экстракттары негізінде биопрепараттар өндіреміз. Клиенттеріміздің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру үшін әртүрлі ғылыми бағыттардағы ғалымдармен және мамандармен серіктестікте жұмыс істейміз.

Әрбір клиентке жеке көзқарас

Біздің компанияның ғалымдары мен мамандары экструдталған құрама жемдер мен азықтық қоспалардың рецептураларын, сондай-ақ оларды өндіру технологияларын әзірлеудегі көпжылдық тәжірибесін пайдалана отырып, әрбір клиенттің нақты қажеттіліктеріне сәйкес жеке шешімдер әзірлеу үшін олармен тығыз жұмыс істейді. Сондықтан «NFT-KATU» командасы кез келген уақытта техникалық және зертханалық қолдау көрсетуге, кәсіби кеңес беруге және кері байланыс ұсынуға дайын.

Компания туралы
ТОО «NFT-KATU»
Балджи Юрий Александрович
Бас директоры
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ, Ветеринариялық санитария кафедрасының профессор. ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы.
Galia Zamaratskaia
Шетелдік ғылыми консультант
PhD, Associate Professor in Food Science, Department of Molecular Sciences Swedish University of Agricultural Sciences (SLU), Uppsala, Sweden, h-индекс 37.
Поляков Владилен Васильевич
Ғылыми консультант
Химия ғылымдарының докторы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры
Абдрахманов Куаныш Арыстанович
Коммерцияландыру жөніндегі маман
«B&M Global Company» ЖШС бас директоры.
Әділбеков Жанат Шабанбаевич
Аға ғылыми қызметкер
«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ, Ветеринариялық санитария кафедрасының доценті.
Мұстафина Райхан Хусаиновна
Аға ғылыми қызметкер
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ, Ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы, PhD.
Султанаева Лейла Зинуровна
Кіші ғылыми қызметкер
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ магистранты
Исабекова Салтанат Айтымовна
Аға ғылыми қызметкер
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы кафедрасының кафедрасының аға оқытушысы.
Майер Евгений Геннадьевич
Кіші ғылыми қызметкер
Техника және технология ғылымдарының магистрі. Биотехнолог.
Бабошина Людмила Дмитриевна
Кіші ғылыми қызметкер
Ветеринариялық маман, магистрант
Исмагұлова Гульжихан Талгатовна
Кіші ғылыми қызметкер
Ветеринария ғылымдарының магистрі, «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ, Ветеринариялық санитария кафедрасының ассисенті.
Сауров Султан Ергалиевич
Кіші ғылыми қызметкер
С. Сейфуллин атындағы Қазан мемлекеттік техникалық университетінің инженерлік және технология магистрі, PhD докторанты
Рамазанов Амир Асхатович
Менеджер по продажам
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ магистранты
Жетістіктер
Біздің жетістіктеріміз
0 0
Серіктестер
Біздің серіктестер
0 0
БАҚ
БАҚ біз туралы
06.02.2024
Как избавиться от микотоксинов в проросшем зерне? Основные способы борьбы https://www.youtube.com/watch?v=nYCe8A1K0VI
03.10.2022
Хабар 24. Agrolive. Пчеловодство в Казахстане.
09.02.2022
Хабар 24. Выпуск новостей
04.10.2021
Био жем. «Labs.kz»
04.11.2020
Атамекен бизнес. Отрасли
22.11.2019
Хабар 24. Как выбрать качественные куриные окорочка - Пища для размышления
31.01.2019
Хабар 24. Финансирование проектов молодых учёных будет ежегодно увеличиваться
27.03.2016
1 канал «Евразия». Аналитика
17.02.2015
Хабар 24. Как узнать о свежести мяса за 20 минут?
Галерея
Галерея
0 0

Әлеуметтік желілерде бөлісу