Главная Полезные статьи Экструдирленген сұрыпталмаған картопты ұтымды пайдалану
Экструдирленген сұрыпталмаған картопты ұтымды пайдалану
Дата публикации: 26.02.2025

Төлендиев Ж.Е., Исмагулова Г.Т., Балджи Ю.А.

Аңдатпа. Дәстүрлі жемшөп ресурстарының тапшылығы және азық-түлік қалдықтарының көбеюі жағдайында сұрыпталмаған картопты жем өндірісінде ұтымды пайдалану ерекше өзектілікке ие. Мақалада жануарларға арналған жоғары қоректік құндылығы бар және қауіпсіз жемшөп қоспасын алу мақсатында оны экструзия әдісімен өңдеу мүмкіндіктері қарастырылады. Ірі қара мал, ешкі және шошқа рациондарында экструдирленген картопты қолданудың тиімділігін растайтын отандық және шетелдік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Сіңімділік, антинутриенттердің төмендеуі және экономикалық тиімділіктің артуы мәселелеріне ерекше назар аударылған. Экструдирленген сұрыпталмаған картопты пайдалану жемшөптің өзіндік құнын төмендетіп қана қоймай, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге де ықпал етеді.

Түйінді сөздер: сұрыпталмаған картоп, экструдирлеу, жем өндірісі, азық-түлік қауіпсіздігі, жемшөп қоспасы.

Жұмыс Жас ғалым жобасы, ИРН AP19174684 – «Құрамында сұрыпталмаған картоп бар экструдирленген жемді қолдану кезінде мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау» жобасы аясында орындалды.
Қаржыландыру көзі – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті, 2023-2025 жж.

Мақаланың толық нұсқасы: 254. Оттиск.pdf

Дәйексөз келтіру үшін: Төлендиев Ж.Е., Исмагулова Г.Т., Балджи Ю.А. Экструдирленген сұрыпталмаған картопты ұтымды пайдалану. «Cognitio rerum» ғылыми журналы, №6/2025. Мәскеу, 2025. 130-134 б. ISSN (p) 2712-9489, ISSN (e) 2542-1026.

Поделиться в социальных сетях: