Главная Полезные статьи Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың заманауи аспектілері: Монография
Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың заманауи аспектілері: Монография
Дата публикации: 15.06.2025

Балджи Ю.А., Әділбеков Ж.Ш.

Бұл басылымда Қазақстан Республикасында және шетелдерде тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, неғұрлым кең таралған контаминанттар мен фальсификация түрлері, сондай-ақ оларды анықтау әдістемелері қарастырылады. Аталған мәселелер соңғы жылдары Web of Science, ScienceDirect, Elsevier, SpringerLink, eLIBRARY.RU және басқа да халықаралық дерекқорларға енген жарияланымдар негізінде талданған. Сонымен қатар авторлар әзірлеген мал шаруашылығы өнімдерінің – ет, сүт және ет-сүт өнімдерінің, балық пен балдың – сапасы мен қауіпсіздігін жедел бақылаудың жаңа тәсілдері келтірілген, олар ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуде қолдануға жарамды.

Монографияның негізгі бөлігі 2015-2017 жылдары орындалған 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы аясындағы 5591/ГФ4 «Тағам өнімдеріндегі контаминанттар мен тағам өнімдерінің фальсификациясын анықтау тәсілдері мен тест-жинақтарын әзірлеу» жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде дайындалған. Сондай-ақ 2009-2014 жылдары орындалған жобалар шеңберінде бұрын алынған кейбір нәтижелер, сонымен бірге 2018-2020 жылдарға арналған АР05131273 «Солтүстік және Орталық Қазақстанның ішкі су айдындарының биологиялық өнімділігін бағалау және балық өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін анықтау» жобасының нәтижелері енгізілген.

Басылымда 2021-2023 жылдарға арналған BR10764944 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу және аналитикалық бақылау әдістерін әзірлеу» жобасы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында орындалған ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар нәтижесінде әзірленген тәсілдердің қорытындылары да көрсетілген. Атап айтқанда, «Орталық және Солтүстік Қазақстан су айдындарындағы балықтың қауіпсіздігі мен сапасына экологиялық мониторинг жүргізу және ветеринариялық-санитариялық бағалаудың аналитикалық әдістерін әзірлеу» тақырыбы бойынша нәтижелер берілген.

Басылымға АР23484620 «Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлар маститінің алдын алу және емдеу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу» жобасын орындау барысында алынған нәтижелер де енгізілген.

Монографиямен «С. Сейфуллин атындағы КАТИУ» КеАҚ кітапханасында, Астана қаласында танысуға болады.

253. Оттиск монографии...pdf

Дәйексөз келтіру үшін: Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың заманауи аспектілері: Монография. – Астана: «Жарқын Ко» баспасы, 2025. – 280 б. Екінші басылым, түзетілген және толықтырылған.

Поделиться в социальных сетях: