«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде» (ҚАТЗУ)Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (НАНОЦ) төрағасы Бауржан Асановтың басшылығымен делегация іс-сапармен келген.
Делегация құрамына Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының, Ұлттық биотехнология орталығының, сондай-ақ Биоалуантүрлілік пен генетикалық ресурстар зертханасының қызметкерлері кірді.
Кездесу барысында «NFT-KATU» ЖШС өз өнімдері мен шешімдерінің кең спектрін көрмеге ұсынды. Олардың арасында экструдирленген жемдер, фитогенді қоспалар, спирт және мал сою өндірісінің экструдирленген қалдықтарынан дайындалған құрама жемдер (жануарларға, құстар мен балықтарға арналған), ара ауруларының алдын алу мен емдеуге арналған фитопрепараттар, фитобиотиктер, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігін анықтауға арналған экспресс-тестілер болды.
Сонымен қатар, мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мамандарға арналған монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды.
Кездесуде қатысушылар жаңа әзірлемелерге ерекше назар аударды – желін емізіктерін өңдеуге арналған фитобиотикалық құрал және жеті фитогендік концентраттан тұратын экструдирленген жем қоспасы, ол жануарларда маститтің алдын алу және өнімділікті арттыруға бағытталған. Екі өнім де өндірістік жағдайда сәтті сынақтан өтті.
Бауржан Асанов университеттің ғылыми және білім беру әлеуетін жоғары бағалады. Ол Seifullin University аграрлық саланың нақты секторымен ғылым мен білімнің интеграциясында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, университеттің ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және оларды ауыл шаруашылығына енгізу базасы ретіндегі мәртебесін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ал біздің компания бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
