Басты бет Жаңалықтар Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми зерттеу платформасы(АБҒЗП) базасында тағылымдама
Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми зерттеу платформасы(АБҒЗП) базасында тағылымдама
Жарияланған күні:20.04.2025

Ғылыми тағылымдама-бұл білім алушылар және жас ғалымдарға ғылыми зерттеулер әлеміне ену үшін бірегей мүмкіндік беретін білім беру үдерісіндегі маңызды кезең. Бұл теориялық білімді тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар ғылымдағы табысты мансап үшін қажетті практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. 2025 жылғы 2-15 сәуір аралығында "NFT-KATU" ЖШС қызметкерлері, 1 курс докторанты М.Е. Аленова және 1 курс магистранты В. В. Гайдукевич б.ғ. д., профессор м.а. Кухар Елена Владимировнаның жетекшілігімен ауылшаруашық биотехнология ғылыми зерттеу платформасы (АБҒЗП) базасында тағылымдамадан өтті.

АБҒЗП-дағы тағылымдама биотехнологияның негізгі бағыттарының бірі болып табылатын микробиология саласында практикалық дағдылар мен білім алуға мүмкіндік берді, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми қызметінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Тағылымдамадан өтушілер тәжірибелі ғылыми қызметкерлердің жетекшілігімен эксперименттер жүргізуге белсенді қатысты, микробиологиялық зерттеулерде қолданылатын заманауи технологиялар мен әдістемелерді игерді, зертханалық жабдықтармен және заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Сондай-ақ өзекті тақырыптарды талқылауға қатысып, әріптестерімен өз зерттеулері, мақалалар жазу, ғылыми есептер жасау бағытында тәжірибе алмасты. Нетворкинг нығайтылды, бұл одан әрі ынтымақтастықта пайдалы болуы мүмкін.

"NFT-KATU" ЖШС қызметкерлері, С. Сейфуллин ат. КАТЗУ білім алушылары б.ғ. д., профессор м.а. Кухар Елена Владимировнаға, ғылыми қызметкерлері Г.Ж. Исмуканова және Н. Талғатқызына алғыс білдіреді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу