19.02.2025 ж. "KazAgroMedia" компаниясы атынан Гүлдана Темірхан және Ақмола облысының фермерлері "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КЕАҚ Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетіне барып, ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша бірлескен жобаны іске асыру туралы ұсыныс жасады. Жоба премиум фермерлік өнімді жасау үшін ғылым мен өндірістің күш-жігерін біріктіруге арналған.
Жоба аясында университет ғалымдары, фермерлер мен кәсіпкерлер "The Heritage Valley" (жұмыс атауы) бөдене жұмыртқасының брендін құру үшін жұмыс істейді деп болжануда. Оның негізгі мақсаты – Сейфуллин университетінің аграрлық саладағы жетекші ғылыми орталық ретіндегі рөлін атап өту.
Гүлдана Темірхан бірлескен жұмыс жоғары сапалы және бірегей сипаттамаларымен ерекшеленетін өнім жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. Фермерлер Тәңірбергенова Алтынай мен Токенов Нұрлан қазақстандық ғалымдардың әзірлемелерін өздерінің өндірістік процесінде пайдалануға және болашақта оларды нарыққа шығару мақсатында бірлесіп жетілдіруге және арзандатуға ниет білдірді.
Бұл енгізу жобасы университетте PhD докторы Жанабаева Д.К. жетекшілігімен өткізілген ғылыми жобаның жалғасы болып табылады.жұмысты орындау нәтижесінде "NFT-KATU" ЖШС қызметкерлері органикалық өнім алуға мүмкіндік беретін фитобиотикалық компоненттермен байытылған ет және жұмыртқа бағытындағы бөденелерге арналған рецептуралар әзірледі. Жем өндірісінде экструдтау технологиясын қолдану олардың тағамдық құндылығы мен құс етінің сіңімділігін арттырды, бұл ет өнімділігіне оң әсер етті. Өндірістік тәжірибелер фитобиотиктермен байытылған экструдталған жемді қолдану ет өнімділігін 11,7% және жұмыртқа өнімділігін 76,8% арттыратынын көрсетті.