2025 жылдың 16-23 шілде аралығында AR23484620 «Жануарлар маститін емдеу және алдын алу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу, сүт сапасы мен қауіпсіздігін бағалаумен» жобасы аясында Шота Руставели атындағы Батум мемлекеттік университетінің Батыс Грузия аймақтық хроматография орталығында ғылыми стажировка өткізілді.
Стажировка бағдарламасына фитобиотиктердің химиялық құрамын анықтаудың заманауи аналитикалық жабдықтармен жүзеге асырылатын әдістеріне арналған теориялық және практикалық сабақтар кірді. Ерекше назар фитогениктер мен фитобиотиктер құрамындағы биологиялық белсенді заттарды зерттеуде қолданылатын хроматографиялық талдау әдісіне аударылды. Жануарлар маститының қоздырғыштарына қарсы жоғары антимикробтық және антигрибтік әсерін көрсеткен өсімдік экстракттерінің химиялық құрамы анықталды.
Сапар кезінде Батум мемлекеттік университетінің (БМУ) басшылығымен кездесу өткізіліп, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу сияқты одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды.
Стажировка аяқталғаннан кейін үлгілердің химиялық құрамын талдау және заманауи аналитикалық құралдармен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды меңгергенін растайтын ғылыми дайындық туралы сертификат тапсырылды.
Өткізілген стажировка ветеринария, тамақ қауіпсіздігі және жануарлар ауруларын емдеу мен алдын алудың инновациялық әдістері саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды. Алынған білім мен тәжірибе жобаның мақсаттарын іске асыруға және ғылыми зерттеулерді одан әрі дамытуға ықпал етеді.