2024 жылдың 26 маусымында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (ҚазАТУ) ветеринария және мал шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналған аймақтық форум өтті. Бұл іс-шара әртүрлі елдердің көшбасшы сарапшыларын біріктіріп, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасуға және жаңа шешімдер іздеуге арналған платформаға айналды.
Форумға Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркиядан, Италиядан сарапшылар, сондай-ақ Ислам Тамақ Қауіпсіздігі Ұйымы (ИТҚҰ) және Дүниежүзілік мал денсаулығы ұйымының (ДМДҰ) өкілдері қатысты.
Халықаралық форумда "NFT-KATU" ЖШС компаниясы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми зерттеулері негізінде әзірленген агроөнеркәсіптік кешенге арналған озық шешімдерді таныстырды.
Көрсетілген әзірлемелердің қатарында:
• Ауылшаруашылық малдарының өнімділігін арттыруға және денсаулығын жақсартуға бағытталған жем биологиялық қосымшалары мен экструдияланған аралас жемдер.
• Ара шаруашылығына арналған фитобиотиктер – аралардың иммунитетін нығайтуға және бал жинау көлемін арттыруға көмектесетін табиғи препараттар.
• Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалауға арналған экспресс-тест жинақтары – зиянды қоспалар мен қалдық заттарды тез анықтау үшін арналған.
Форум озық тәжірибелермен алмасу, халықаралық байланыстарды нығайту және ауыл шаруашылығы саласында инновацияларды енгізу перспективаларын талқылау үшін тиімді платформа болды. Оның аясында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми-практикалық әзірлемелердің презентациялары, кәсіпкерлік кездесулер, панельдік сессиялар және сараптамалық талқылаулар өтті.