Главная Полезные статьи Азық түрлернінің бұзаулардың өсуіне әсері
Азық түрлернінің бұзаулардың өсуіне әсері
Дата публикации: 30.10.2023

Каменов Медет Талғатұлы, Шайкенова Қымбат Хамитовна, Исабекова Салтанат Айтымовна, Ускенов Рашит Бахитжанович, Балджи Юрий Александрович, Бигарина Айгерім Нуржанқызы

 

Түйін

Мақалада «Айна» сүт фермасы ЖШС жағдайында голштино-фриз тұқымы бұзауларын өсіруге арналған ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген.

Бұзаулардың өсуі мен дамуын зерттеу үшін қос – аналогтық әдіс бойынша 3 топ құрылды. 1-топ негізгі рацион мен 2-топ сүт алмастырғыш+«Гаврюша», 3-топ сүт алмастырғыш + «NFT КАТУ» экструдталған азығымен азықтандырылды.

Тәжірибеге алынған бұзауларды күтіп-бағу жағдайлары бірдей болды. Әдістемеге сәйкес туылғаннан 6 айға дейінгі үш топтағы бұзаулардың тірі салмағының динамикасы бойынша зерттеулер жүргізілді. Алынған экстерьерлік көрсеткіштерге талдау жүргізілді, яғни бұзаулардың дене өлшемдері мен дене бітімінің индекстері анықталды. Зерттеу барысында 3 айлықтарында екінші тәжірибелік топтағы бұзаулардың тірі салмағының көрсеткіштері басқа топтардағы (I-III) бұзауларға қарағанда, тиісінше 7,8 кг (8,8%) және 6,8 кг (7,7%) жоғары болды, ал 6 айлығында екінші тәжірибелік топтағы бұзаулар (I-III) топпен салыстырғанда, тиісінше 34 кг немесе 23% және 24 кг немесе 16% асып түсті. Ал абсолюттік өсім бойынша да екінші тәжірибелік топтағы бұзауларының көрсеткіштері I-III топпен салыстырғанда 3 айлығында 22,6 кг деңгейінде (8%) жоғары болса, ал 6 айлық жаста бұл көрсеткіш 23,4 кг немесе 5% және 26,9% жоғары болды. Бір айлық бұзаулардың дене бітімінің индекстері салыстырмалы түрде бірдей болғанмен, кеуделілік индексі бойынша екінші топтағы бұзаулардың көрсеткіштері 3,25% және 3,27% жоғары болды. Екінші тәжірибелік топтың алты айлығындағы дене жұмырлығы индексі 116,6% құрады, яғни I-III екі топ бұзауларымен салыстырғанда 2,97% және 5,47% жоғары болғаны байқалды.

Тәжірибе тобы бұзауларының көрсеткіштер негізінде зерттеу алынған барлық дене бітімі индекстері жоғары көрсеткіште болды. Голштин-фриз тұқымы сиырларын өсіретін шаруашылықтарға бұзауларды өсіру барысында оларды сүт алмастырғыш + «NFT КАТУ» қосылған рационмен азықтандыру ұсынылады.

Кілт сөздер: сүт алмастырғыш (ЗЦМ); экструдталған азық; бастапқы жем; дене индексі; тірі салмақ; өсу динамикасы; бұзаулар.

АЗЫҚ ТҮРЛЕРНІНІҢ БҰЗАУЛАРДЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ.pdf

Дәйексөз келтіру үшін: Каменов М.Т., Шайкенова Қ.Х., Исабекова С.А., Балджи Ю.А., Бигарина А.Н. Азық түрлернінің бұзаулардың өсуіне әсері. Ж. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета им. С. Сейфуллина. 2023. -No 3(118). -Б.83-95. https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1479.

Поделиться в социальных сетях: