Адильбеков Ж.Ш., Аубакирова Г.А., Балджи Ю.А., Куанчалеев Ж.Б., Казтай Н.К., Оразгалиева К.С.
Түйін
Алғышарттар мен мақсат. Мақалада 2024-2025 жылдары кларий жайынды экструдталған құрама жемге фитобиотиктарды қосу арқылы азықтандыру бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Өсімдік қоспасы ретінде «BioFeed-P» фитобиотигі қолданылды. Экструдталған байытылған құрама жемнің азықтық құндылығының анықтауы жүргізілді, дайын азықтың органолептикалық және физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Таңдалған компоненттердің химиялық құрамы мен тағамдық деректеріне сүйене отырып, кларий жайынына арналған өнімділік құрама жемдердің рецептурасы жасалды.
Материалдар мен әдістер. Экструдталған байытылған құрама жемнің азықтық құндылығын анықтау FOSS NIRSDS 25000 анализаторында жүргізілді, ГОСТ 10385-2014 Балықтардың азықтары талаптарына сәйкес дайын жемнің органолептикалық және физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Балықтың өсу қарқындылығын сипаттау үшін абсолютті, салыстырмалы және орташа тәуліктік өсу көрсеткіштері, сондай-ақ Фультон бойынша балықтың қондылық коэффициенті қолданылды.
Нәтижелер. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде фитобиотик қосылған жем және оның балықтың өсуіне әсері зерттелді. Орташа тәуліктік өсу немесе нақты өсу қарқыны кезеңнің әр күніндегі балықтың салмағының пайыздық өзгерісін көрсетеді. Балықтың орташа тәуліктік өсуі орташа есеппен тәжірибе тобында 4,9 г, ал бақылау тобында 4,23 г құрады.
Қорытынды. Нәтижелер бойынша кларийлі жайынды құрама жеммен байытылған биологиялық қоспамен азықтандыру кезінде бұл тәжірибелік азық Қазақстан-Чех халықаралық аквакультура ғылыми орталығының тұйық сумен жабдықтау қондырғылары жағдайында кларийлі жайынды азықтандыруда оң нәтиже берді.
Кілт сөздер: экструдатталған құрама азық; тұйық сумен жабдықтау қондырғылары; кларийлі жайын; фитобиотиктер.
Мақаланың толық нұсқасы:Experience of feeding african catfish with extruded.pdf
Дәйексөз келтіру үшін: Адильбеков Ж.Ш., Аубакирова Г.А., Балджи Ю.А., Куанчалеев Ж.Б., Казтай Н.К., Оразгалиева К.С. Опыт кормления клариевого сома экструдированными комбикормами с фитобиотиками. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина: междисциплинарный. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 2025. -№ 2 (125). - Р.97-107. - ISSN 2710-3757, ISSN 2079-939Х.