Главная Полезные статьи Бөденелерді өсіру кезінде экструдталған компоненттермен азықты пайдалану тиімділігі
Бөденелерді өсіру кезінде экструдталған компоненттермен азықты пайдалану тиімділігі
Дата публикации: 12.10.2023

Султанаева Л.З.* – ветеринария ғылымдарының магистрі, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ кіші ғылыми қызметкер. Астана қ.

Исабекова С.А. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, жетекші ғылыми қызметкер. Астана қ.

Жанабаева Д.Қ. – PhD докторы, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ «Ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушысы, Астана қ.

Балджи Ю.А. – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасының профессор м.а., Астана қ.

 

Мақала дайндалған азықтың құрамына экструдталған компоненттерді қоса отырып, бөдененің өсу қарқынын зерттеуге арналған. Тәжірибені жүргізу мақсатында Манжүр тұқымына жататын 14 күндік, жалпы 90 бөдене алынды. Әр топта 45 бөденеден, яғни тәжірибелік (ТТ) және бақылау топтарына (БТ) бөлінді. Құстарды ұстау ережелері бірдей, тек азықтандыруда өзгешілік болды. БТ бөденелер өндірістік азық түрімен, ал ТТ әзірленген азықпен азықтандырылды. Өндірістік азықты зерттеу нәтижесі құс ағзасының энергия мен ақуызға деген қажеттілігін қанағаттандырмайтынын көрсетті, яғни жасұнық мөлшері әзірленген азық құрамына қарағанда көп, ал күл мөлшері аз екендігі анықталды. Өсудің барлық кезеңдерінде ТТ құстың салмағы БТ салмағынан барлық кезеңде орта есеппен 30%-ға артық екені анықталды. Өсу кезеңдегі абсолютті өсім БТ-да 135,3±6,7 г болса, ТТ құстарда 186,3±3,3 г болды. Сонымен қатар, ТТ құстардың жыныстық жетілу уақытында және жұмыртқалау кезені өмірінің 40-шы күні басталса, ал КГ құстарында 55-ші күні басталды. Сондықтан экструдталған компоненттері бар ұсынылған құрама азық өсу қарқындылығына оң әсер етеді және бөдене өсіру шаруашылықтарында пайдалануға ұсынылуы мүмкін.

Түйінді сөздер: құрама азық, бөденелер, рацион, экструдталған азық, Манжүр тұқымы.

3i-2-2023-7 ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ КОРМОВ С ЭКСТРУД.pdf

Дәйексөз келтіру үшін: Султанаева Л.З., Исабекова С.А., Жанабаева Д.К., Балджи Ю.А. Бөденелерді өсіру кезінде экструдталған компоненттермен азықты пайдалану тиімділігі. Ж. 3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация. №2 (2023). С.42-47. https://doi.org/10.52269/22266070_2023_2_42

Поделиться в социальных сетях: