2026 жылғы 10 сәуірде «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында Қазақстан-Беларусь ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Маратұлы Тіреуов, сондай-ақ Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Игоревич Богданов қатысты.
Іс-шара аясында ғылыми және өндірістік жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, оған университеттің еншілес компаниясы – «NFT-KATU» ЖШС де қатысты.
Компания агроөнеркәсіптік кешенге арналған кең ауқымды әзірлемелерін ұсынып, экструдталған жемдерді, фитогенді жемдік қоспаларды, спирт және мал сою өндірісінің қайта өңделген қалдықтары негізіндегі құрама жемдерді, ара ауруларының алдын алу мен емдеуге арналған фитопрепараттарды, желін емшегін өңдеуге арналған фитобиотикалық құралды, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған экспресс-тесттерді көрсетті.
Сонымен қатар, көрмеде мал шаруашылығы мен ветеринария саласындағы мамандарға арналған монографиялар мен әдістемелік материалдар ұсынылды, бұл ғылыми әзірлемелердің практикалық қолданылуын көрнекі түрде көрсетуге және ғылыми-өндірістік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Қосымша түрде іс-шара аясында Қостанай қаласындағы «МВ5» ЖШС құрама жем зауытының өндірістік алаңымен бейнебайланыс ұйымдастырылды. Онда қатысушыларға университет ғалымдарының ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасының іске асырылу барысы көрсетілді. Онлайн қосылу барысында технологиялық жабдықтарды монтаждауды аяқтау жұмыстары таныстырылып, кәсіпорынның іске қосылуға дайындығы көрсетілді. Қосылу аясында «МВ5» ЖШС директоры А.Т. Шалмагамбетов пен профессор Ю.А. Балджи жобаның іске асырылу барысы мен өндірісті іске қосу перспективалары туралы баяндады. Зауыт «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен «Спирт және мал сою өндірісінің қалдықтары негізінде экструдталған құрама жем өндіру» жобасы аясында салынды.
Орталықтың ашылуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезеңге айналып, бірлескен ғылыми және білім беру қызметіне жаңа мүмкіндіктер ашты.
