Басты бет Жаңалықтар ҚХР, Чунцин қ., Southwest University-дегі тағылымдама: халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту
ҚХР, Чунцин қ., Southwest University-дегі тағылымдама: халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту
Жарияланған күні:24.12.2025

2025 жылғы 19-23 желтоқсан аралығында AP23484620 жобасының жетекшісі Балджи Ю.А. халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және Southwest University базасында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласына іссапармен барды.

Сапардың негізгі бөлігі, Оңтүстік-Батыс Қытайда орналасқан жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі саналатын Southwest University-де тағылымдамадан өту. Іссапар барысында келесі факультеттердің өкілдерімен:

Pharmaceutical Sciences and Chinese Medicine – Lei Luo,

Animal Science and Technology – Yawang Sun,

Food Science – Liang Ma,

  • College of Collge of Agronomy and Biotechnology – Lui Dianqiu, Yonghong Zhou

сондай-ақ университеттің басқа да профильдік бөлімшелерімен жұмыс кездесулері өткізіліп, бірлескен қызметтің перспективалары талқыланды

Іссапар аясында ағымдағы ғылыми жоба шеңберінде әзірленген өсімдік экстракттары мен желін үрпісің өңдеуге арналған құралға эксперименттік зерттеулер жүргізіліп, сертификат берілді.

Алынған нәтижелер қытайлық әріптестердің фитобиотиктер, ветеринариялық профилактика, функционалдық жемшөптер және емдік-профилактикалық құралдар саласындағы бірлескен әзірлемелерге жоғары ғылыми қызығушылық танытатынын растады. Сапар қорытындысы бойынша бірлескен зерттеулерді кеңейту, ғылыми деректермен алмасу және халықаралық жарияланымдар дайындау бағыттарын қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.

Чунцин қаласына жасалған сапар халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға және отандық әзірлемелерді жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялауға маңызды қадам болды. Алдағы уақытта ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенеміз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу