2025 жылғы 8 желтоқсанда Шымкент университетінде «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы базасында ара эпизоотологиясының өзекті мәселелері мен оларды бақылаудың заманауи әдістеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Іс-шара аясында AP23484620 жобасының аға ғылыми қызметкері, PhD Мустафина Райхан Хусаиновна семинарға қатысып, «Ара ауруларымен күрестегі фитогениктер» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол ара ауруларының алдын алу және таралу деңгейін төмендетуде фитогендік компоненттерді қолдану мүмкіндіктерін атап өтіп, оларды дәстүрлі құралдарға экологиялық қауіпсіз балама ретінде қарастырды.
Семинарға қатысушылар ара отбасыларының денсаулығын сақтауға арналған заманауи ғылыми тәсілдерді талқылап, практикалық тәжірибелерімен алмасты және ара шаруашылығында инновациялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Осындай ғылыми іс-шараларды өткізу аграрлық ғылымның дамуына, кәсіби диалогты нығайтуға және ара шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.