Басты бет Жаңалықтар «NFT-KATU» ЖШС жаңа жобасы
«NFT-KATU» ЖШС жаңа жобасы
Жарияланған күні:15.08.2024

«NFT-KATU» ЖШС АР23484620 «Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлар маститінің алдын алу және емдеу үшін фитогендік және фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу» жаңа жобасын іске асыруды бастады.

Бүгінгі таңда елімізде ветеринариялық препараттардың өз өндірісін дамыту қажеттілігі туындап отыр, бұл жобаның басты мақсаты.

Жобаның идеясы мен жаңалығы- биологиялық өнім ретінде Қазақстан Республикасында өсетін дәрілік өсімдіктердің компоненттерінен әзірленген емдік-профилактикалық фитогениктер мен фитобиотиктер қолданылады. Фитогениктер экструдталған жем және дәрілік түйіршіктер түрінде, ал фитобиотиктер сауылғаннан кейін желінін емдеуге арналған өнім түрінде болады.

Жобаның түпкілікті нәтижесі -жоғары сапалы және қауіпсіз сүт тағамдарын өндіруге мүмкіндік беретін қауіпсіздік, тиімділік бойынша қазақстандық нарықта ұсынылғандардан ерекшеленетін, коммерцияландыруға дайын биологиялық өнімдер түріндегі прототип болып табылады.

2024 жылдың қысқаша нәтижелері:

30 жыл тереңдіктегі патенттік іздеу жүргізілді.

Биопрепараттардың эксперименттік партиялары жасалды.

Өсімдік шикізатын жинау және дайындау жүигізілді( ащы жусан, бальзам терек бүршіктері, дәріхана түймедағы, құлмақ бұршақтары, қызыл бұрыш, жолжелкен, ошаған, чага, тимьян, түймешетен, сібір шыршасы). Жиналған өсімдік шикізатын экстракциялау жүргізіліп, биопрепараттардың 3 құрамы дайындалды.

Эксперименттік биопрепараттардың химиялық құрамы, әзірленген композитті құрамдардың негізгі биологиялық белсенді компоненттері анықталды: жалпы фенолдар, фенол қышқылдары, флавоноидтар, катехиндер; олардың антиоксиданттық белсенділігі анықталды.

Химиялық талдау негізінде емдік-профилактикалық биопрепараттардың құрамы әзірленді. Биологиялық препараттардың әрбір қолданылатын компонентінің ғылыми негіздемесі берілген.

Әзірленген биологиялық препараттардың бактерицидтік және фунгицидтік қасиеттері зерттелді. Микроорганизмдер оқшауланды:Staphylococcus, Streptococcus, Escherichia coli, Candida, Pseudomonas spp., Proteus. Әзірленген биопрепаратиардың оқшауланған микрофлораға әсері зерттелді. Микробқа қарсы белсенділік анықталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу