Басты бет Жаңалықтар Швед ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық
Швед ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық
Жарияланған күні:14.07.2025

Қазіргі заманғы ғылыми әлемде халықаралық ынтымақтастықты нығайту ғылым және технологияның табысты дамуының негізгі факторларының біріне айналып отыр. Түрлі елдердің ғалымдары күш-жігерін біріктіру зерттеу көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге олардың сапасын, тиімділігі мен инновациялылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында IRN АР23484620 жобасы аясында: «Сүт сапасы мен қауіпсіздігін бағалаумен малдың маститін алдын алу және емдеу үшін фитобиотиктар мен фитогениктарды әзірлеу және енгізу» тақырыбында 2025 жылдың 14 шілдесінде «NFT-KATU» ЖШС қызметкерлерінің Швеция ғалымдарымен бірлескен жұмысы туралы онлайн-талқылау өткізілді. Швеция тарапынан Zamaratskaia Galia (Швеция ауылшаруашылық ғылымдары университеті, SLU) және Bo Ekstand (Кристианстад университеті, HKR) қатысты.

Бұл жоба ветеринария саласында инновациялық шешімдерің әзірлеуге бағытталған. Жобаның міндеттері және негізгі мақсаты талқыланды. Докторант М.Аленова өзінің зерттеу нәтижелері мен эксперименттік бөлімімен бөлісті. Одан әрі жұмыс үшін бірлесіп шешуге арналған ветеринариялық әл-ауқат пен тағам қауіпсіздігі бойынша сұрақтар мен ғылыми идеялар дайындалды.

Қазақстандық-швед ғылыми байланыстарын нығайтып, ынтымақтастық үшін біздің құрметті әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Серіктестерімізбен сенім, ашықтық және өзара құрметті дамыта отырып, біз ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл жағдайын жасаймыз!

Әлеуметтік желілерде бөлісу