С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ командасы «NFT-KATU» қызметкерлерінің жетекшілігімен 2026 жылғы 16 сәуірде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында өткен, «Ауыл» партиясы мен «Acapedia» білім беру платформасы ұйымдастырған HACKATHON 3.0 «Инновация. Тұрақтылық. Болашақ» байқауында 2-орын иеленді. Іс-шара инновациялық шешімдерді іздеуге және тұрақты болашаққа бағытталған жастар жобаларын дамытуға арналды.
Байқауға жоғары оқу орындары мен колледждердің 40-тан астам студенттік командасы қатысып, тұрақты даму мен технологиялық болашаққа бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды. Іс-шараны республикалық Qazaqstan телеарнасы жариялады: https://qazaqstan.tv/news/226071
Біздің «Vet Lab» командамызды «Жануарлар туралы ғылым және ветеринария» институтының студенттері таныстырды:
Байқауға «САПАЛЫ ӘРІ ҚАУІПСІЗ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН АЛУҒА АРНАЛҒАН ФИТОБИОТИКТЕР МЕН ФИТОГЕНИКТЕР» атты жоба ұсынылды. Жоба фермерлердің келесі міндеттерін шешуге бағытталған:
Студенттерге 100 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.
