«NFT-KATU» ЖШС қызметкерлері Балджи Ю.А. мен Майер Е.Г. AP23484620 ғылыми жобасын іске асыру аясында 19-21 қараша күндері Екатеринбург қаласында өткен және Ресей Федерациясының сүт саласының жетекші өкілдерін біріктірген VII «Ресей Сүті – 2025» агроөнеркәсіптік форумына қатысты.
«Сүт институты» ЖШС сарапшылары мен қонақтары пленарлық отырыстарда, сондай-ақ «Зоотехния», «Ветеринария. Генетика», «Жемшөп дайындау/техника» секілді салалық секцияларда баяндама жасады. Форум аясында өткен кездесулер барысында біз экструдталған жемдер мен фитобиотиктерді әзірлеуге арналған AP23484620, AP19174684 және DP21681750 жобаларының нәтижелерін таныстырып, әріптестерімізден оң пікірлер алып, сүтті мал шаруашылығында инновацияларды енгізу тәжірибесімен бөлістік.
Форумның соңғы күнінде Свердлов облысының жетекші сүт шаруашылықтарына – «Килачёвский» ӨК және «Ирбитская» агрофирмасына іссапар ұйымдастырылып, онда жануарларды азықтандыру жүйесімен, ұстау жағдайларымен және сапалы әрі қауіпсіз сүт өндіру тәжірибесімен таныстық.
Сапар барысында сондай-ақ Орал мемлекеттік аграрлық университетінің ғалымдарымен кездесулер өтіп, жемшөп өндіру, фитобиотиктер мен фитогениктерді қолдану, сондай-ақ сүт сапасын арттыру бойынша ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Өткен тағылымдама Ресейдің ғылыми және салалық серіктестерімен іскерлік байланыстарды нығайтуға, Қазақстанда қолдануға қажетті өзекті деректер алуға және NFT-KATU компаниясының жемшөп өндіру мен ветеринариялық шешімдер саласындағы жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетін растауға мүмкіндік берді.
