Басты бет Өнімдер Жануарларға арналған тауарлар
Өнімдер
ВЬЮГА-3М зертханалық диірмені
Жануарларға арналған тауарлар
ВЬЮГА-3М зертханалық диірмені

ВЬЮГА-3М диірменінің екі ұнтақтау режимі бар: «Күнбағыс» және «Дәнді дақылдар. Жемшөп».


Диірмен өнімді жоғары жылдамдықпен айналатын пышақпен ұнтақтайды және ұнтақтау торабы циклдік бұрылады. Біркелкі ұнтақтау мен үлгіні гомогендеу үшін ұнтақтау торабы еңкейтіледі. Еңкею бұрышы таңдалған режимге сәйкес автоматты орнатылады.


Ылғалдылықты, ақуыз, май, жасұнық мөлшерін және басқа сапа көрсеткіштерін инфрақызыл спектроскопиямен және басқа зертханалық әдістермен анықтауға үлгі дайындауда қолданылады.


ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарламаланатын ұнтақтау режимдері

Зертханалық диірменнің екі ұнтақтау режимі бар:

«Күнбағыс» – майлы дақылдарды ұнтақтауға арналған.

«Дәнді дақылдар. Жемшөп» – дәнді, дәнді-бұршақ дақылдарын, жемшөп пен оның шикізатын ұнтақтауға арналған.


Ақпараттық дисплей арқылы оңай басқару

Диірменді басқару оңай әрі ыңғайлы. Ұнтақтау режимі мен уақыты бір батырмамен орнатылады. Ақпараттық дисплей ұнтақтау параметрлерін көрсетеді.

Майлылығы жоғары үлгілерді ұнтақтау (55%-ға дейін)

Ұнтақтау торабының 210° және 90° бұрыштарға автоматты циклдік бұрылуы мен жоғары жылдамдық үлгінің қызуын және камераның майлануын барынша азайтады, майлылығы жоғары үлгілерді тез, сапалы ұнтақтауды және гомогендеуді қамтамасыз етеді.

Үлгіні қыздырмай дайындау

Ұнтақтау камерасының ерекше құрылымы (ұнтақтау жоғарғы алюминий тостағанда жүреді) мен арнайы пышақтар тез ұнтақтауды, аз қызуды және ылғал жоғалтпауды қамтамасыз етеді. УНИИМ сынақтарының нәтижелері бойынша диірмендер ылғалдылықты анықтауға үлгі дайындау үшін ұсынылған.

Салқындату жүйесімен үздіксіз әрі қолайлы жұмыс істеу үшін диірмен екі ұнтақтау тостағанымен жабдықталған* (*2019 жылғы 1 мамырдан бастап жеткізіледі).

Ыңғайлы магниттік құлпы бар арнайы ұнтақтау тостағандары

Магниттік құлып тостағанды ұнтақтау торабына қарапайым, ыңғайлы және сенімді бекітеді.

Әртүрлі үлгілерді ұнтақтау

Геометриясы әртүрлі пышақтарды өнім ауысқанда тез алмастыру мүмкіндігі арнайы бағдарламалар бойынша бидайдан бастап соя мен күнбағыс тұқымдарына дейінгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын ұнтақтауға мүмкіндік береді.

Жеткізу жиынтығына мына пышақтар кіреді:

№2 пышақ – майлы және дәнді дақылдарды ұнтақтауға;

№4 пышақ – жемшөп пен оның шикізатын ұнтақтауға;

№1 пышақ – сояны ұнтақтауға арналған.


Жабдық туралы негізгі ақпарат «ЭКАН» компаниясының ресми сайтында: https://ekan.spb.ru/

Ұсынылатын тауарлар
Жануарларға арналған тауарлар
ИНФРАСКАН-4200 инфрақызыл талдағышы
Арнайы дайындалған үлгілердің оптикалық қасиеттерін жақын инфрақызыл спектрде өлшеу арқылы сұйық, сусымалы және паста тәрізді өнімдердегі құрамдастардың массалық үлесін анықтауға арналған.
Толығырақ
Жануарларға арналған тауарлар
ИНФРАСКАН-3151 инфрақызыл талдағышы
Арнайы дайындалған үлгілердің оптикалық қасиеттерін жақын инфрақызыл спектрде өлшеу арқылы дәнді, дәнді-бұршақ, майлы дақылдардың, жемшөп пен оның шикізатының және басқа заттардың сапа көрсеткіштерін жедел анықтауға арналған.
Толығырақ
Жануарларға арналған тауарлар
САПФИР фракциялық құрам талдағышы
Оптикалық-компьютерлік диагностика арқылы дән мен тұқымдардағы шөп-шалам және дәндік қоспалардың жалпы және фракциялық мөлшерін анықтайды.
Толығырақ

Әлеуметтік желілерде бөлісу