
Құрамы: бидай, жүгері, соя, ет-сүйек ұны, балық ұны, зығыр, BioFeed-P фитобиотикалық жемшөп қоспасы, дәрумендер кешені, тұз, су.
Түйіршіктердің диаметрі: 8 мм.
BioFeed-P құрамына 250-ден астам биологиялық белсенді құрамдас кіреді. BioFeed-P құрамында май қышқылдары (55%) – стеарин, олеин, пальмитин және басқалары; флавоноидтар (6,78%) – пиностробин, пиноцембрин, хризин; органикалық қышқылдар (2,5%) – гликоль, алма, лимон; фенол қышқылдары (2%) – популин, салицин; көмірсулар (1,9%) – глюкоза, фруктоза, рибоза; эфир майлары (1%); А, С, Р, В12 дәрумендері; микроэлементтер (мг/кг) – йод (1058), мырыш (52), марганец (8,25), мыс (6,17), кобальт (0,015); аминқышқылдары – аспарагин, аланин, валин, лейцин; фенолгликозидтер – популин, салицин және биологиялық белсенділігі жоғары басқа қосылыстар топтары бар.
Баротермиялық өңдеу (экструдтау) арқылы дайындалған.
Экструдтау кезінде крахмал толық клейстерленеді, декстриндер мен басқа төмен молекулалы көмірсулардың мөлшері артады, ақуыздар денатурацияланып, ыдырайды. Нәтижесінде ас қорытуға жұмсалатын энергия азайып, жемнің қоректік заттары толығырақ сіңеді, микроорганизмдер жойылады және жемнің қоректілігі артады.
Өлшеп сатылады.
Бағасы: 500 тг/кг.
Қазақстан Республикасында өндірілген. Астана қ., Интернациональный тұрғын алабы (Учхоз), Армандастар көшесі, 2Б.