
Кіріс шикізаты мен дайын өнім Тағам қауіпсіздігі зертханасында зерттеледі.
Құрамы: экструдталған дәнді дақылдар, шрот, күнжара, үшкальцийфосфат, BioFeed-P фитобиотикалық жемшөп қоспасы және басқалары.
BioFeed-P – табиғи фитобиотик (тіркеу куәлігі № РК-ВП-3-4623-22). Иммунитетті көтеруге, жемшөптің сіңуін жақсартуға, жануарлар мен құстардың өнімділігін арттыруға арналған биологиялық белсенді жемшөп қоспасы.
BioFeed-P құрамында май қышқылдары (55%) – стеарин, олеин, пальмитин және басқалары; флавоноидтар (6,78%) – пиностробин, пиноцембрин, хризин; органикалық қышқылдар (2,5%) – гликоль, алма, лимон; фенол қышқылдары (2%) – популин, салицин; көмірсулар (1,9%) – глюкоза, фруктоза, рибоза; эфир майлары (1%); А, С, Р, В12 дәрумендері; микроэлементтер (мг/кг) – йод (1058), мырыш (52), марганец (8,25), мыс (6,17), кобальт (0,015); аминқышқылдары – аспарагин, аланин, валин, лейцин; фенолгликозидтер – популин, салицин және биологиялық белсенділігі жоғары басқа қосылыстар топтары бар.
Қасиеттері: Жем жеңіл сіңімді, жоғары қоректі және үнемді. BioFeed-P бактерицидтік, фунгицидтік, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, иммунитетті ынталандыратын, уытсыздандыратын және сергітетін қасиеттерге ие. Айқын радиопротекторлық және гепатопротекторлық әсер көрсетеді.
Нәтижесі:
Иммунитетті арттыру, аурулардың алдын алу, зат алмасу үдерістерін жақсарту, ет пен жұмыртқаның сапалық көрсеткіштерін жақсарту, жұмыртқа өнімділігін арттыру (жұмыртқалаудың бастапқы кезеңінде-ақ айына 13 жұмыртқа).
