Жарияланған күні: 05.12.2025.
Патент иесі: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ
Өнертабыс ауыл шаруашылығына жатады, атап айтқанда, пайдаланылған вешенка саңырауқұлағының субстраттары негізінде жемдік қоспаның құрамына және оны ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру мақсатында дайындау тәсіліне қатысты.
Өнертабыстың техникалық міндеті – пайдаланылған вешенка саңырауқұлағы субстратынан жемдік қоспа дайындау тәсілін әзірлеу.
Техникалық нәтиже жемдік қоспаның қоректік құндылығы мен сіңімділігін арттырудан, оның микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, сондай-ақ жануарлардың функционалдық жағдайын жақсартудан тұрады.
Өнертабыстың мәні пайдаланылған вешенка саңырауқұлағының субстраты 3–5 мм фракцияға дейін ұсақталып, дәнді компоненттермен және зығырмен араластырылып, витамин-минералдық және фитобиотикалық қоспалармен байытылып, гранулят алу мақсатында баротермиялық өңдеуге ұшыратылуында болып табылады.
Саңырауқұлақ субстраты негізіндегі жемдік қоспаны дайындау тәсілі жануарлардың ет өнімділігін арттырады және мал шаруашылығы мен жем өндірісінде қолданылуы мүмкін.
Дереккөз ретінде: Балджи Ю.А., Султанаева Л.З., Хасанов В.Т., Майер Е.Г., Төлендиев Ж.Е. Пайдаланылған саңырауқұлақ субстратынан жемдік қоспа дайындау тәсілі. Өнертабысқа патент №37662, өтінім №2024/0773.1, 16.05.2024. Бюллетень №49, 05.12.2025.
Осы патент бойынша құқықтарды беруді және лицензиялық келісім жасасуды талқылау үшін "КАТИУ" КЕАҚ коммерцияландыру кеңсесіне хабарласыңыз. С. Сейфуллин", Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, каб. 1302. Тел.: 8 (7172) 39-39-19, e-mail: dpk_katiu@mail.ru немесе телефон арқылы: +7-701-979-67-98.
