Жарияланған күні: 21.08.2026 ж.
Патент иеленуші: «MB5» ЖШС
Өнертабыс жануарларға арналған жем өндірісіне, атап айтқанда иттерге арналған экструдталған жем өндіруге жатады.
Өнертабыстың техникалық міндеті – экструзия технологиясын және фитобиотиктермен байытуды қолдану арқылы гепатопротекторлық қасиеттері бар иттерге арналған толық рационды және қауіпсіз жем әзірлеу.
Өнертабыстың техникалық нәтижесіне жануарлар мен құстар ұшасының термиялық өңдеуден өткен бөліктерін дәнді-бұршақты компоненттермен (бидай, жүгері, бұршақ), зығырмен және фитобиотиктермен бірге механикалық ұнтақтау және кейіннен экструзиялау арқылы иттерге арналған жем өндіру жолымен қол жеткізіледі.
Өнертабыстың мәні мынада: ротациялық барабанда дәнді-бұршақты компоненттермен (бидай, жүгері, бұршақ) бірге механикалық ұнтақтаудан өткен ет пен субөнімдер зығырмен, сондай-ақ минералдық қоспамен, гепатопротекторлық қасиеттері бар BioFeed-P фитобиотикалық қоспасымен және ащы жусанның (Artemisia absinthium L.) фитобиотикалық экстрактісімен араластырылады. Алынған қоспа 180 °C-қа дейінгі температурада экструзиядан өткізіледі, нәтижесінде диаметрі 3-тен 10 мм-ге дейінгі түйіршіктер алынады.
Гепатопротекторлық қасиеттері бар иттерге арналған байытылған экструдталған жемді өндіру тәсілі жануарлардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді және олардың денсаулығын жоғары деңгейде сақтауға ықпал етеді.
Дәйексөз келтіру үшін: Гепатопротекторлық қасиеттері бар иттерге арналған байытылған экструдталған жемді өндіру тәсілі жануарлардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді және олардың денсаулығын жоғары деңгейде сақтауға ықпал етеді.
Өнім DP21681750 «Спирт өндірісі және мал сою қалдықтары негізінде экструдталған құрама жем өндіру» коммерцияландыру жобасын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Осы патент бойынша құқықтарды беру және лицензиялық келісім жасасу мәселелерін талқылау үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: +7-701-979-67-98 немесе +7-705-102-59-06.
