Басты бет Патенттер Жануарлар желінсауларын алдын алуға және емдеуге бағытталған азықтық қоспа және оны дайындау жолдары
Жануарлар желінсауларын алдын алуға және емдеуге бағытталған азықтық қоспа және оны дайындау жолдары
Жарияланған күні:13.12.2024

Жариялану күні: 13.12.2024
Патент иеленуші: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

Пайдалы модель ауыл шаруашылығы саласына, атап айтқанда жемшөп қоспаларының құрамдарына, оларды өндіру және скармалау тәсілдеріне жатады және маститті емдеу мен алдын алуға, сондай-ақ сиырлардың сүт өнімділігін арттыруға арналған.

Пайдалы модельдің техникалық нәтижесі жемшөп қоспасын дайындау, оны «BioFeed-P» фитобиотигімен және ащы жусан экстрактімен байыту арқылы қамтамасыз етіледі. Дәнді қоспа ретінде ұнтақталған арпа, сұлы, бидай, бұршақ немесе осы дақылдардан дайындалған экструдат қолданылады.

Пайдалы модельдің мәні 0,01% «BioFeed-P» фитобиотигін 0,02% ащы жусан экстрактімен біріктіріп қолдануда, олар арпа, сұлы, бидай және бұршақтан тұратын ұнтақталған дәнді қоспаға енгізіледі, бұл қоспа жемшөп қоспасының толтырғышы болып табылады немесе осы компоненттері бар дәнді қоспаға енгізіліп, түйіршіктелген жемшөп қоспасын алу үшін экструдталады.

Экструдталған дәнді қоспаны жемшөп негізі ретінде пайдалану дайын өнімнің дәмі мен хош иісін жақсартады, ал қорытылу деңгейі 95%-ға дейін артады. Сонымен қатар, экструдтау процесінде бастапқы шикізат микроорганизмдерден, микроскопиялық саңырауқұлақтардан және бар микотоксиндерден залалсыздандырылады.

«BioFeed-P» құрамына келесі қосылыстар кіреді: терпеноидтар; карбон және май қышқылдары (стеарин, олеин, пальмитин және т.б.); флавоноидтық фракциялар (пиноcтробин, пиноцембрин, кверцетин, тектохризин, хризин, апигенин және т.б.); флавоноидтық гликозидтер (изорамнетин-3-O-рамнозоглюкозид, изокверцитрин, кверцетин-3-O-D-глюкозид, кверцетин-3-O-рамноглюкозид және изорамнетин-3-); эфир майлары; шайырлар; илік заттар; лактондар; фенол қышқылдары; микроэлементтер (мырыш, марганец, кобальт, мыс, темір); йод; көмірсулар; аминқышқылдары; витаминдер (A, C, P, E); простагландиндер және басқа да компоненттер, олар ас қорыту процесі барысында емдік-алдын алу әсеріне қол жеткізуге, жануар ағзасының иммундық мәртебесін нығайтуға, зат алмасу процестерін жақсартуға және сиырлардың сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ащы жусан экстрактінде фитохимиялық қосылыстар, атап айтқанда лактондар, терпеноидтар, эфир майлары, органикалық қышқылдар, шайырлар, илік заттар және фенолдар бар, соның арқасында ол микробқа қарсы, вирусқа қарсы, гипогликемиялық, гепатопротекторлық, жара жазатын, қабынуға қарсы, антигельминттік, акарицидтік және безгекке қарсы әсер көрсетеді.

Қоспа жеке түрде де, шаруашылықта қолданылатын жемшөп қоспасымен бірге де скармаланады.

Пайдалы модель келесі мысалдармен түсіндіріледі.

Мысал 1.
Тәжірибе жүргізу үшін калифорниялық тест арқылы мастит анықталған сиырлар тобы құрылды, n=15.
Тәжірибе басталғанға дейін бұл топтағы сиырларда майлылықтың орташа көрсеткіші 4,2±0,49%, 1 мл сүттегі соматикалық жасушалар саны 402,11±106,68 мың, орташа тәуліктік сүт өнімі 37,97±2,21 литр болды.

Экструдталған қоспадан (арпа, сұлы, бидай, бұршақ), 0,01% «BioFeed-P» фитобиотигінен және 0,02% ащы жусан экстрактінен тұратын дайын экструдталған жемшөп қоспасы негізгі рационмен бірге күн сайын 200 г/бас мөлшерінде берілді.
Жемшөп қоспасының әсері екі апта бойы зерттелді.

Зерттеу нәтижелері бойынша жануарлардың сүт өнімділігі (тәуліктік сауым, кг) 37,97±2,21-ден 40,82±2,17 литрге дейін артты, бұл 7,9%-ға жоғары.

Сүттің құрамы тәжірибе кезеңіне дейін және кейін зерттелді. Физика-химиялық көрсеткіштерден май, ақуыз, лактоза, майсыз құрғақ сүт қалдығы, тығыздық, қышқылдық, pH және соматикалық жасушалар мөлшері анықталды.

Зерттеулер нәтижесінде тәжірибелік топта майдың пайыздық көрсеткіші 4,2±0,49-дан 4,56±0,37-ге дейін өсіп, 10,4%-ға артқанын көрсетті; қалған көрсеткіштерде айтарлықтай өзгерістер байқалмады: ақуыз – 3,1%, МҚСҚ – 8,75±0,09-дан 8,73±0,12-ге дейін, ақуыз 3,22±0,01-ден 3,21±0,03%-ға дейін, лактоза 4,78±0,05-тен 4,77±0,07%-ға дейін.

Тәжірибелік топтағы соматикалық жасушалардың орташа мөлшері 402,11±106,68-ден 127±6,36-ға дейін төмендеп, 68%-ға азайды.

Мысал 2.
100 кг жемшөп қоспасын дайындау үшін арпа, сұлы, бидай және бұршақ ПП-2000 пневмодробилкасын қолдана отырып тең қатынаста ұнтақталды. Компоненттер СГ-800 араластырғышында 3 минут бойы 0,01% «BioFeed-P» фитобиотигі мен 0,02% ащы жусан экстрактін бір мезгілде қосу арқылы араластырылды.
Дайын қоспа 14 күн бойы күн сайын 35 сиырға 7 кг мөлшерінде жемшөп таратқыш арқылы берілді.

Осылайша, табиғи фитобиотиктермен байытылған жемшөп қоспасын қолдану маститпен ауырған сиырлардың сүтінің сапалық қана емес, сандық көрсеткіштеріне де оң әсер етеді.

Мысал 3.
100 кг жемшөп қоспасын дайындау үшін арпа, сұлы, бидай және бұршақ ПП-2000 пневмодробилкасын қолдана отырып тең қатынаста ұнтақталды. Компоненттер СГ-800 араластырғышында 3 минут бойы 0,01% «BioFeed-P» фитобиотигі мен 0,02% ащы жусан экстрактін бір мезгілде қосып араластырылды, кейін ПЭ-350 экструдерінде 150 ℃-қа дейінгі температурада 8 мм матрицасы бар түйіршіктеу қондырғысымен экструдталды, алынған түйіршіктер салқындатқыш арқылы немесе қоршаған орта температурасында салқындатылды.

Дайын түйіршіктелген жемшөп қоспасы 14 күн бойы 35 сиырға 7 кг мөлшерінде жемшөп таратқыш арқылы берілді.

«BioFeed-P» фитобиотикалық жемшөп қоспасын ащы жусан экстрактімен бірге ұнтақталған немесе экструдталған қоспа құрамында қолдану маститпен ауырған сиырлардың сүт өнімділігін қалпына келтіреді, соматикалық жасушалар санын төмендетеді және сапалы әрі қауіпсіз сүт алуға мүмкіндік береді.

Осы патент бойынша құқықтарды беруді және лицензиялық келісім жасасуды талқылау үшін "КАТИУ" КЕАҚ коммерцияландыру кеңсесіне хабарласыңыз. С. Сейфуллин", Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, каб. 1302. Тел.: 8 (7172) 39-39-19, e-maildpk_katiu@mail.ru немесе телефон арқылы: +7-701-979-67-98.

Әлеуметтік желілерде бөлісу