Главная Полезные статьи Сүт бағытындағы тайыншаларды өсіру
Сүт бағытындағы тайыншаларды өсіру
Дата публикации: 24.10.2023

Шайкенова К.Х.* – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жəне өңдеу технология кафедрасының доценті, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Каменов М.Т. – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, D132 – мал шаруашылығы мамандығы бойынша докторантурада білім алушы, ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі.

Бұл мақалада голштино-фриз тұқымының тайыншаларын туғаннан бастап 12 айға дейін өсіру бойынша ғылыми зерттеулердің нəтижелері, бұзауларды азықтандыру схемасына тəжірибелік топтар, «Неомилк» сүтін алмастырғыш, сүт кезеңінде «Гаврюша» коммерциялық престартері мен стартері жəне сүт жəне сүттен кейінгі кезеңдерде.С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «NFT КАТУ» экструдталған жемшөптері енгізілген. Негізгі зерттеулерді жүргізу үшін аналогтық жұп əдісі бойынша бұзаулардың 3 тобы таңдалды. «Айна» сүт фермасы ЖШС жағдайында орташа тəуліктік, салыстырмалы, абсолютті өсімді есептей отырып, жануарлардың тірі салмағының динамикасын зерттеу жүргізілді. Екінші тəжірибелік топтағы тайыншалардың тірі салмағы 3 айлық жасында бақылау жəне бірінші тəжірибелік топтағы тайыншалардың тірі салмағынан тиісінше 7,8 кг (8,8%) жəне 6,8 кг (7,7%) асып түсті. 6 айлық жаста айырмашылық 34,4 кг (30,7%) жəне 23,4 кг (19,2%) болды. Ал 12 айлық жаста 106 кг (47,3%) жəне 77 кг (33,4%). Сонымен қатар, өлшеулер мен тайыншарлардың дене бітімінің индекстерін есептей отырып, сыртқы көрсеткіштер талданды. Жануарларды азықтандыру кезінде пайдаланылған азыққа талдау жүргізілді. Химиялық құрамын талдау барысында ақуыздың ең жоғары пайызы экструдталған азықта - 12,9% көрсетті, бұл кебек пен «Гаврюша» стартеріне қарағанда 2,8% жəне 1,5% жоғары.

Түйінді сөздер: Толық сүтті алмастырғыш, экструдталған азық, бастапқы азық, дене бітімі индекстері, тірі салмақ, өсу динамикасы, бұзаулар.

3i-3-2023-91-98.pdf

https://ojs.ksu.edu.kz/index.php/3i/article/view/651 

Поделиться в социальных сетях: