Главная Полезные статьи Дәнді азықтың витаминді-минералдық құрамына экструзия үрдісінің әсері
Дәнді азықтың витаминді-минералдық құрамына экструзия үрдісінің әсері
Дата публикации: 06.11.2023

Исабекова С.А., Балджи Ю.А., Майер Е.Г.

Түйін

Мақалада дәнді азықтың витаминді-минералды құрамына экструзия үрдісінің әсері туралы зерттеулердің нәтижелері берілген. Бақылау (CON) астық шикізатының (80% арпа және 20% бидай) қоспасынан алынған үлгі болды, ол 3 үлгімен салыстырылды: экструдталған астық шикізаты (Ext), экструзия үрдісіне дейін премикс қосылған шикізат (CON+P+b), экструзия үрдісіне дейін премикс қосылған экструдталған шикізат (Ext+P+a). Экструдталған үлгілерді дайындау өнімділігі 350 кг/сағ экструдерде 100-105 ℃ температурада, 30-50 атм қысымда, 3-5 секунд экспозиция уақытында грануляторды қолдану арқылы жүзеге асырылды. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесі Ext үлгісінде витаминдердің мөлшері орта есеппен 2,8 есеге, минералдық құрамы 7%-ға төмендегенін көрсетті. CON+P+b үлгісінде витаминдік құрамы іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды. Ext+P+a үлгісінде дәрумендердің құрамы Ext-мен салыстырғанда 58%-ға өсті, ал минералдық құрамы CON-ға қарағанда орта есеппен 20%-ға жоғары болды. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша дәнді азық өндірісінде экструзиялық үрдісінен кейін премиксті қосу ұсынылады, өйткені бұл витаминдердің көбірек сақталуына ықпал етеді және дәнді азықтың минералды құрамын арттырады.

Кілт сөздер: экструзия; азық құрамы; премикс; витаминдер; минералдар.

INFLUENCE OF THE PROCESS OF EXTRUDING.pdf

Дәйексөз келтіру үшінIssabekova S., Balji Yu., Mayer E. Influence of the process of extruding on the vitamin and mineral composition of grain feed. Ж. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета им. С. Сейфуллина. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 2023. -№ 3(118). - P.264-271. doi.org/ 10.51452/kazatu.2023.3 (118).1486.

Поделиться в социальных сетях: