Басты бет Жаңалықтар ҚАТЗУ-де ғылыми-өндірістік зерттеулер бойынша негізгі серіктесіміз Иван Адамұлы Сауэрдің есімі берілген смарт-аудитория ашылды
ҚАТЗУ-де ғылыми-өндірістік зерттеулер бойынша негізгі серіктесіміз Иван Адамұлы Сауэрдің есімі берілген смарт-аудитория ашылды
Жарияланған күні:13.01.2026

2026 жылғы 13 қаңтарда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (КАТЗУ) көрнекті түлегіміз, Қазақстанның Еңбек Ері, «Агрофирма Родина» ЖШС бас директоры Иван Адамұлы Сауэрдің құрметіне аталған смарт-аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.

Біздің компания үшін бұл оқиға ерекше маңызға ие. Біз «Агрофирма Родина» ЖШС-пен тығыз ынтымақтастықтамыз: шаруашылықтың сүт фермасында сүт өндірісінің тиімділігін арттыруға және сүттің ветеринариялық–санитариялық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған әзірлемелеріміз бойынша тәжірибелік зерттеулер мен өндірістік сынақтар жүргізіледі.

Шаруашылықтың бас мамандарымен бірлескен жұмыстың соңғы нәтижелерінің бірі ретінде жануарлардың желін үрпілерін өңдеуге арналған әзірленген фитобиотикалық құрал мен фитогендік экструдталған жемдік қоспаның сәтті сынақтан өткізілуін атап өтуге болады.

Иван Адамұлына тәжірибелік алаң ұсынғаны, ғылыми бастамаларды қолдағаны және ғалымдардың әзірлемелерін өндіріске енгізуге әрдайым ұмтылыс танытқаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз қолданбалы ғылымның дамуына және университет пен агробизнес арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу