Басты бет Жаңалықтар «Жануарлар туралы ғылымдар және ветеринария» институтында Қытай компанияларының өкілдерімен кездесу өтті
«Жануарлар туралы ғылымдар және ветеринария» институтында Қытай компанияларының өкілдерімен кездесу өтті
Жарияланған күні:04.08.2026

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Жануарлар туралы ғылымдар және ветеринария» институтында ветеринариялық препараттар, азықтық қоспалар, жабдықтар, сондай-ақ мал және құс шаруашылығына арналған заманауи технологиялық шешімдерді өндіруге маманданған Қытай компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға Huaqinyuan (Yangling) Biotechnology Co., Ltd., Shaanxi Sheng’ao Animal Pharmaceutical Co., Ltd., China National Agribusiness Yingtai Group және Tangshan Longfeng Animal Husbandry Technology Co., Ltd. компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында компания өкілдері презентациялық баяндамалар жасап, дайын өнімдерінің үлгілерін таныстырды. Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларын алдын алуға және емдеуге арналған ветеринариялық препараттар, паразиттерге қарсы препараттар, азықтық қоспалар, аквакультураға арналған өнімдер, сондай-ақ мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған заманауи технологиялық шешімдер мен жабдықтар көрсетілді.

«NFT-KATU» ЖШС қызметкерлері қатысушыларды AP23484620 «Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлардың маститін алдын алу және емдеу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу»; DP21681750 «Спирт өндірісі мен мал сою қалдықтары негізінде экструдталған құрама жем өндіру»; 0359-18-ГК «Ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін ресурс үнемдеуші азықтық қоспалар өндірісін ұйымдастыру»; AP23487951 «Балық өнімділігін арттыру үшін оның сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, экструдталған байытылған құрама жемдерді әзірлеу» жобаларын іске асыру аясында әзірленген ғылыми және инновациялық жұмыстарымен таныстырды.

Қытай компаниялары өкілдерінің ерекше қызығушылығын желін емшектерін өңдеуге арналған «PhytoDip» фитобиотикалық құралы және «7-Phyt» фитогендік азықтық қоспасы тудырды. Қатысушылар маститтің алдын алу және емдеу мақсатында биопрепараттар мен өсімдік тектес компоненттерді қолданудың перспективалылығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.

Өткізілген кездесу тәжірибе алмасуға, қазақстандық ғылыми әзірлемелерді таныстыруға және ветеринария, мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі мен құс шаруашылығы салаларында Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға арналған тиімді алаң болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

💬 Помощник BioFeed
Здравствуйте! Чем помочь?

Выберите тему — покажу продукцию, расчёты и способы заказа. Это помощник с готовыми ответами.

🐝 Для пчеловодов
BeeStrip — описание и применениеРассчитать количество BeeStripBioFeed-P для пчёлРассчитать BioFeed-PВсе препараты для пчёл
🐄 Для животноводов
PhytoDip — обработка после доенияРассчитать расход и стоимость PhytoDipКорма и кормовые добавки
🧪 Для лабораторий
Ветеринарно-санитарная экспертизаЛабораторное оборудование
🚚 Как заказать и получить товар?
Выберите товар и количество. В калькуляторах можно подготовить заказ для WhatsApp. Наличие, способ доставки и её стоимость уточните у специалиста до оплаты.Уточнить заказ и доставку в WhatsApp
🌾 Сообщить о проблеме хозяйства
Открыть Банк проблем АПК
Написать специалисту в WhatsApp
Чтобы свернуть окно, нажмите зелёную кнопку ещё раз.