ЖШС "NFT-KATU" өкілдері Қазақстан мен Қытайдың университеттері, ғылыми мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен алмасу жөніндегі халықаралық конференцияның мамандандырылған сессиясына қатысты.
Іс-шара Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) мемлекеттері мен "Белдеу және жол"бастамасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қатысатын елдер арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Бұл іс-шараның мақсаты аграрлық ғылыми технологиялармен алмасу үшін халықаралық платформа құру, ғылыми жетістіктермен алмасуға және оларды ауыл шаруашылығы саласында қолдануға жәрдемдесу болды.