Басты бет Жаңалықтар «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Jańa Dala / Green Day 2026» агрофестивалінде инновациялық әзірлемелерін ұсынды
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Jańa Dala / Green Day 2026» агрофестивалінде инновациялық әзірлемелерін ұсынды
Жарияланған күні:01.08.2026

2026 жылғы 31 шілде – 1 тамыз аралығында «NFT-KATU» ЖШС өнімдері «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (ҚАТЗУ КеАҚ) атынан Қостанай облысында өткен ең ірі халықаралық «Jańa Dala / Green Day 2026» агрофестивалінде таныстырылды. Ауқымды салалық іс-шара мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, аграрлық бизнестің, отандық және шетелдік компаниялардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, аграрлық жоғары оқу орындарының және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Агрофестиваль жұмысына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, сондай-ақ салалық министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми ұйымдардың, ветеринариялық қызметтердің, халықаралық ұйымдардың және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Көрме экспозициясында біз заманауи мал шаруашылығы мен ара шаруашылығын дамытуға бағытталған өзіміздің инновациялық әзірлемелерімізді ұсындық. Келушілерге ауыл шаруашылығы жануарларына, құс пен балыққа арналған экструдталған құрама жемдер, фитогендік жемдік қоспалар, ара ауруларының алдын алу және емдеуге арналған фитопрепараттар, сондай-ақ компанияның көпжылдық ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін көрсететін ғылыми жарияланымдар, әдістемелік құралдар және өнертабыс патенттері таныстырылды.

Компанияның инновациялық өнімдері жем өндірісі, ветеринария және ара шаруашылығы салаларындағы заманауи тәсілдерді көрсетіп, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне тиімді технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде бөлісу