2026 жылғы 10 сәуірде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ғылым, білім беру және өндіріс саласының өкілдерін біріктірген «Сейфуллин оқулары – 22» халықаралық конференциясы өтті.
Конференция аясында «NFT-KATU» ЖШС қызметкерлері компанияның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ұсынды. Атап айтқанда, докторант Аленова М.Е. AP23484620 «Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып, жануарлар маститінің алдын алу және емдеу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу» жобасы бойынша баяндама жасады. Ұсынылған баяндама конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, мазмұнды талқылауға ұласты. Талқылау барысында баяндамашыға көптеген сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында агротехнологиялар саласындағы «AgroTech Startup Ideas Challenge» (Thinkathon) стартап-идеялар байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Vet Lab» студенттік командасы сертификатпен марапатталып, келесі кезеңге өту мүмкіндігіне ие болды.
«Сейфуллин оқулары – 22» конференциясының өткізілуі ғылым, білім беру және бизнес арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік секторға қолданбалы ғылыми әзірлемелерді енгізудің өзектілігін тағы бір мәрте айқындады. Іс-шара барысында ұсынылған жобалар мен бастамалар саланы одан әрі дамытуға, ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға және инновациялық шешімдерді практикаға енгізуге елеулі мүмкіндік бар екенін көрсетті.
