Басты бет Өнімдер Жануарларға арналған тауарлар
Өнімдер
ВЬЮГА-ГМО зертханалық диірмені
Жануарларға арналған тауарлар
ВЬЮГА-ГМО зертханалық диірмені

Диірмен өнімді жоғары жылдамдықпен айналатын болат пышақпен ұнтақтайды және ұнтақтау торабы циклдік бұрылады.


ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Барлық ұнтақтау бөлшектерін тазалау және автоклавтау

Ұнтақтау камерасы мен үлгімен жанасатын барлық бөлшектер тазалау және автоклавтау үшін оңай алынады. Бұл ГМО анықтауға үлгі дайындаудың маңызды шарты.


Ұнтақтау кезінде үлгінің ең аз қызуы

Камераның арнайы құрылымы мен арнайы пышақтар зертханалық үлгінің барынша аз қызуын қамтамасыз етіп, бөлініп алынатын ДНҚ сапасына теріс әсерді болдырмайды.

Бір кезеңде қажетті сапада ұнтақтау және үлгіні гомогендеу

Пышақтардың айналу жылдамдығын, ұнтақтау уақытын оңтайлы таңдау және тораптың автоматты айналуы әртүрлі үлгілерді тез, сапалы ұнтақтауды және гомогендеуді қамтамасыз етеді.

Ұнтақтау нәтижелерінің қайталанғыштығы

Ұнтақтау үдерісін автоматтандыру және уақытты цифрлық орнату нәтижелердің жоғары қайталанғыштығын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық дисплей арқылы оңай басқару

Диірменді басқару оңай әрі ыңғайлы. Уақыт пен режим бір батырмамен орнатылады. Ақпараттық дисплей ұнтақтау үдерісінің параметрлерін көрсетеді.

Майлылығы жоғары үлгілерді ұнтақтау (55%-ға дейін)

Ұнтақтау торабының 210° және 90° бұрыштарға автоматты циклдік бұрылуы мен жоғары жылдамдық үлгінің қызуын және камераның майлануын барынша азайтып, майлылығы жоғары үлгілерді тез, сапалы ұнтақтауды және гомогендеуді қамтамасыз етеді.

 

Техникалық сипаттамалары

Ұнтақтау тостағанының көлемі, мл

260

Сағатына ұнтақталатын өнімнің рұқсат етілген мөлшері, кг

1,6

50 г өлшендіні ұнтақтау уақыты, с

15 — 20

Таймерді орнату ауқымы, с

1 — 60

Пышақтардың реттелетін айналу жылдамдығы, айн/мин

5000 – 25000

Ұнтақталатын өнімнің ең аз массасы, г

25

Ұнтақталатын өнімнің ең көп массасы, г

70

Габариттік өлшемдері, мм

290 × 190 × 480

Массасы, кг

13,0

Шу деңгейі, дБ

65 – 70

Жұмыс режимі

Қайталама қысқа мерзімді

Электрмен қоректендіру

Бір фазалы айнымалы ток желісі, 220 В, 50 Гц

Тұтынылатын қуаты, ВА

1000

Артық жүктемеден қорғаудың іске қосылу уақыты, с

2


Жабдық туралы негізгі ақпарат «ЭКАН» компаниясының ресми сайтында: https://ekan.spb.ru/

Ұсынылатын тауарлар
Жануарларға арналған тауарлар
ИНФРАСКАН-4200 инфрақызыл талдағышы
Арнайы дайындалған үлгілердің оптикалық қасиеттерін жақын инфрақызыл спектрде өлшеу арқылы сұйық, сусымалы және паста тәрізді өнімдердегі құрамдастардың массалық үлесін анықтауға арналған.
Толығырақ
Жануарларға арналған тауарлар
ИНФРАСКАН-3151 инфрақызыл талдағышы
Арнайы дайындалған үлгілердің оптикалық қасиеттерін жақын инфрақызыл спектрде өлшеу арқылы дәнді, дәнді-бұршақ, майлы дақылдардың, жемшөп пен оның шикізатының және басқа заттардың сапа көрсеткіштерін жедел анықтауға арналған.
Толығырақ
Жануарларға арналған тауарлар
САПФИР фракциялық құрам талдағышы
Оптикалық-компьютерлік диагностика арқылы дән мен тұқымдардағы шөп-шалам және дәндік қоспалардың жалпы және фракциялық мөлшерін анықтайды.
Толығырақ

Әлеуметтік желілерде бөлісу