Басты бет Патенттер Ауыл шаруашылығы жануарларының маститінің алдын алу және емдеуге арналған құрал BioDiPhyt (БиоДиФит) / PhytoDip (ФитоДип)
Ауыл шаруашылығы жануарларының маститінің алдын алу және емдеуге арналған құрал BioDiPhyt (БиоДиФит) / PhytoDip (ФитоДип)
Жарияланған күні:06.02.2026

Жарияланған күні: 06.02.2026.

Патент иесі: «NFT-KATU» ЖШС

Өнертабыс ауыл шаруашылығы саласына, атап айтқанда ауыл шаруашылығы жануарларының маститінің алдын алу және емдеуге арналған құралдардың құрамдарына қатысты.

Өнертабыстың техникалық міндеті – қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және регенерациялаушы қасиеттері бар, резистенттіліктің дамуын болдырмайтын, сондай-ақ жануарлардың денсаулығын жақсартуға, сүт сапасын арттыруға және сүтті мал шаруашылығындағы экономикалық шығындарды азайтуға ықпал ететін жоғары тиімді, қауіпсіз және табиғи маститке қарсы құрал әзірлеу.

Өнертабыстың техникалық нәтижесіне құралды кезең-кезеңімен дайындау арқылы, құрамына келесі компоненттердің экстракттарын енгізу нәтижесінде қол жеткізіледі: шалфей, жолжелкен, мыңжапырақ, ащы жусан, «BioFeed-P» фитобиотигі, сондай-ақ ксантан камеді, су және глицерин.

Өнертабыстың мәні – шалфей, жолжелкен, мыңжапырақ және ащы жусаннан спирттік экстракттар дайындалып, олар «BioFeed-P» фитобиотигімен, глицеринмен және ксантан камедімен араластырылуы нәтижесінде гель тәрізді құрал алынатындығында.

Ұсынылатын ауыл шаруашылығы жануарларының маститінің алдын алу және емдеу құралы сүттің сапалық көрсеткіштерін және табынның денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ химиялық заттардың сүтке түсуінің алдын алады.

Дәйексөз келтіру үшін: Балджи Ю.А., Султанаева Л.З., Төлендиев Ж.Е., Каркенов Р.К., Аленова М.Е. Ауыл шаруашылығы жануарларының маститінің алдын алу және емдеуге арналған құрал. Өнертабысқа патент №37796.

Толығырақ мына бетте: https://biofeed.kz/product/68

Құрал AP23484620 ғылыми жобасын іске асыру аясында әзірленді: «Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау арқылы жануарлардың маститінің алдын алу және емдеу үшін фитогениктер мен фитобиотиктерді әзірлеу және енгізу».

Осы патент бойынша құқықтарды беру және лицензиялық келісім жасау мәселелерін талқылау үшін «NFT-KATU» ЖШС-не келесі телефон арқылы хабарласыңыз: +7-701-979-67-98.


Әлеуметтік желілерде бөлісу