Басты бет Патенттер Түйіршікті экструдатталған өнімді дайындау тәсілі
Түйіршікті экструдатталған өнімді дайындау тәсілі
Жарияланған күні:25.11.2022

Жариялану күні: 25.11.2022.
Патент иеленуші: «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ айрықша құқықтарды «МВ5» ЖШС-не берді.

Өнертабыс ауыл шаруашылығы саласына, атап айтқанда жемшөп өндірісіне жатады және ауыл шаруашылығы жануарларының, құстардың, балықтардың және басқа да жануарлардың өнімділігін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Техникалық нәтиже экструдталған өнімнен әртүрлі пішіндегі түйіршіктелген өнім (гранулалар, жастықшалар, сақиналар және т.б.) түріндегі жемшөп немесе жемшөп қоспасын дайындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Өнертабыстың мәні экструдтауға жарамды шикізаттан экструдталған өнім дайындап, оны ұнтақтау, сумен, ал қажет болған жағдайда қосымша компоненттермен араластыру және түйіршіктеу болып табылады. Нәтижесінде залалсыздандырылған, жоғары қоректік және жеңіл сіңірілетін экструдталған түйіршіктелген өнім алынады.

Экструдталған түйіршіктелген өнімді жануарларды азықтандыруда қолдану олардың тиімді пайдалану мерзімін ұзартуға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы патент бойынша құқықтарды беру және лицензиялық келісімшарт жасасу мәселелері бойынша «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ Коммерцияландыру офисіне хабарласуыңызды сұраймыз:
Астана қ., Жеңіс даңғ., 62, 1302-кабинет.
Тел.: 8 (7172) 39-39-19,
e-mail: dpk_katiu@mail.ru,
немесе тел.: +7-701-979-67-98.

Әлеуметтік желілерде бөлісу