Ибраев Д.К., Мулдашева А.Х.
Түйін
Қой сүті тағамдық құндылығы жағынан өте жоғары сүт өнімдерінің қатарына кіреді. Одан таңдаулы ірімшік түрлері, оның ішінде жұмсақ ірімшіктер, йогурт және құрт сияқты сүт өнімдері жасалады.
Осыған орай жүргізілген ғылыми-ізденіс жұмыстарымыздың мақсаты Қарағанды облысы жағдайында өсірілетін қазақтың ұяң жүнді құйрықты қой тұқымы саулықтарының сүт өнімділігі мен қой сүтінің құрамына экструдталған құрамажемнің әсерін зерттеуге қойылды.
Қазақтың құйрықты ұяң жүнді саулықтардың сүт өнімділігі мен қой сүтіндегі физикахимиялық құрамын анықтау үшін бір күтіп-бағу жайында өсіріетін қой отарының ішінен 15 бас саулықтан 2 тәжірибелік зерттеу топтары құрылды. Қосымша азық ретінде экструдталған құрамажемді 300 граммнан тәжірибе тобындағы саулықтарға берілді. Құрамажем экструдталған жармасынан жасалған. Экструдталған құрамажем арпа, бидай және сұлы дәндерінің қоспасынан жасалып, ресурсүнемдеуші азықтар мен азық қоспаларын өндіруші «NFT-KATU»ЖШС ұйымынан алынды. Құрамажемде 250-ден астам биологиялық белсенді компоненттер бар «BioFeed-P» азық қоспасы кіреді [4]. Ғылыми ізденіс жұмысымызда пайдаланылған құрамажемнің құрамы келесідей: су - 8,3% және құрғақ заты – 91,7%, оның ішінде шикі протеин – 11,7%; шикі май 3,6%; шикі жасұнық 5,02%, Са – 3,55% және Р – 0,36% болды. Бақылау тобы ретінде алынған қойлардың рационына тек жайлым шөбі ғана кірді. Барлық қойларға арнайы таңбалар салынды.
Кілт сөздер: қой шаруашылығы; қой сүті; экструдталған жем.
Саулықтардың сүт өнімділігі мен сүт құрамына экструдталған құрамажемнің әсері.pdf
Дәйексөз келтіру үшін: Ибраев Д.К., Мулдашева А.Х. Сб. материал. Международ. науч. - практич..конф. – Астана. – 2022. – I том. – II бөлім. – С.149-151.