Аралардың инвазиялық ауруларын емдеуге және алдын алуға негізделген. Варраотоз, акарапидоз, нозематоз және т.б. ауруларға қарсы тиімділік көрсетеді. Құрамында химиялық, синтетикалық және басқа да уытты компоненттер жоқ. Сонымен қатар аралар жанұясының стимуляциясына көмектесіп, органикалық бал алуға септігін тигізеді. Биожолақтар бальзамды теректің 100%-дық эфир майымен сіңірілген. Құрамында: эфир майлары (3-иетил-3-бутенилвалерат, бензилвалерат, изоанетол және т.б.), спирттер (монотерпинол, сесквитерпенол, цис-неролидол және т.б.) сесквитерпендер (германкрен Д, а-бисаболен, а-иланген және т.б.), альдегидтер, монотерпиндер, транс-изоэвгенол және басқа да биологиялық белсенді қосылыстар бар. Препараттың айқын білінетін антимикробтық, антимикоздық және антипаразитарлық қасиеттерге қарсы қабілеті бар.
Қолдану жолы: 21 күнге 1 ара ұясына 2-4 жолақты орналастырамыз (инвазияның интенсивтілігіне қарай). 3 рет қайталауды қажет етеді.
Препаратты қолдану барысында балды жинау бойынша шектеулер жоқ.